Халықтың Игілігіне Берілуі Тиіс Болған Спорт Кешенінің Орнына Элиталы Пәтерлер Салынып Жатыр

Оцени!
4.5 5 179

Павлодарда спорт кешені салынып, жұрттың игілігіне беріледі деген орында элиталы пәтерлер тұрғызылып жатыр. Осылай деген тұрғындар құрылысты тоқтатуды сұрайды. Ал жергілікті әкімдік мәселеден хабардар. Олар қаланың қақ ортасындағы аумақты жалға алған кәсіпкер өзімізді сан соқтырып кетті дейді. Енді шенеуніктер кәсіпкерге төрт қабаттан тұратын екі ғимаратты өз қаражаты есебінен сүріп тастасын деп талап қойып отыр.
Павлодарда жерге қатысты дау ушығып барады. Мәселен, бұл аумақта бастапқыда автотұрақ болған. Кейін әкімдік телімді тұрғындарға заманауи спорт кешенін салу үшін жеке кәсіпкерге жалға берген екен. Бірақ спорт секциялары ашылады деген орыннан төрт қабатты үйлердің бой көтергенін көрген тұрғындар қуанышымыз су сепкендей басылды дейді.
Әкімдік өкілдері кәсіпкер құжатқа қол қойылған соң, өз қулығын іске асырды дейді. Аумаққа қызыл кірпіштен екі элиталы үй тұрғызып тастағанын кейін білдік деп отыр.
ТИМУР СЕЙІТҚАЛИЕВ, Павлодар қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы:
– Мониторинг кезінде мердігердің жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқып, басқа нысан салып жатқанын анықтадық. Бірден құзырлы органдарға құрылысты тоқтату туралы хат жолданды. Өйткені бұл аумақ спорт кешенін салуға берілген. Мердігер біздің ескертпелерімізге құлақ аспады. Сондықтан қала әкімі сотқа шағым түсірді.
Ал Павлодардың ауданаралық экономикалық соты былтыр жер телімін мемлекетке қайтарып, заңсыз құрылысты орнынан сүру бойынша шешім шығарған. Облыстық сот алқасы да бірінші инстанция шешімін қолдаған. Әйтсе де, нысан иесі Жоғары сотқа жүгініп, іс екінші инстанцияға қайта жіберіліпті. Істі қайта қараған облыстық сот алқасы алғашқы шешімдерін жойып, кәсіпкердің пайдасына шығарған. Ал, телефон арқылы байланысқа шыққан кәсіпкердің өзі ғимарат спорт кешені ретінде жабдықталады және жұмыстар жақын арада аяқталады дейді. Мұны сот өкілдері де растады.
МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің бас маманы:
– Аппеляциялық соттағы жауапкердің өкілі салынған нысандар сәйкес келетінін және өз мақсатына спорт кешені ретінде пайдаланылатынын, онда Павлодар қаласының тұрғындарына арналған спорт секциялары мен сауықтыру орталықтары екенін бірнеше рет түсіндірді.
Бір қызығы, салынып жатқан екі нысанның келбеті спорт кешеніне мүлде ұқсамайды. Қазірдің өзінде бұл үйлерден пәтерлердің сатылатыны жөнінде жарнамалар жүр. Енді қала әкімдігі заңсыз құрылысты тоқтату үшін жоғары сотқа арыз жазбақ.

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook —
Instagram —
Vkontakte —
TikTok — www.tiktok.com/
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал